ru

Құрметті ата-аналар!

Егер сіздің балаңыз болашақ мамандығын әскери іспен байланыстыруды жоспарласа, оның таңдау мүмкіндігі бар –

Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған Ш.Уәлиханов атындағы "Жас Ұлан" арнайы ерлер мектеп- лицей-интернаты" КММ (бұдан әрі - лицей) – оқушылардың тұратын жерін ұсына отырып, білім алушылардың әскери істі терең меңгеруін жүзеге асыратын білім беру ұйымы, балалардың психологиялық және физиологиялық мәліметтерін ескере отырып, қосымша кезеңдер өткізеді.

I. Ата-ана/заңды өкілі 2023 жылғы 1 ақпаннан 15 сәуірге дейін тіркеуден өтуі керек

Тіркеу кезінде қажетті құжаттар:

  1. баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш (үлгі бойынша);
  2. ЖСН (қосымшада) көрсетілген үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  3. үміткердің электрондық адресін көрсете отырып, үміткердің оқу орнынан ұйымның мөрімен расталған фотосуреті бар анықтамасы;
  4. үміткердің 3х4 көлеміндегі;
  5. халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжаттардың көшірмелері.

*барлық құжаттар PDF немесе JPEG форматында қабылданады.

Қабылданатын білім алушылардың жалпы санынан 15% мөлшерінде іріктелетін халықтың әлеуметтік осал топтарына:

  1. мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын ауылдық жерден шыққан отбасыныңбалалары;
  2. ата-аналарының біреуі бірінші топтағы мүгедектігі бар отбасының балалары;
  3. мүгедек баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған отбасылар;
  4. жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  5. отбасыларда тұратын жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  6. төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардан шыққанбалалар;
  7. экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйінен айырылған отбасыларының;
  8. мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқарған кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындалу немесе жүзеге асыру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасыларының балалары жатады

II. Дарынды балаларға арналған Ш.Уәлиханов атындағы "Жас Ұлан" арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты" КММ конкурстық комиссиясына медициналық зерттеулердің нәтижелерін ұсынады:

  1. Талапкердің денсаулық жағдайы және ауырған аурулары туралы амбулаториялық картадан көшірме (№112 нысан). Егер талапкер диспансерлік есепте тұрса, көшірмеде оны диспансерлік есептен шығару туралы мәліметті көрсету қажет. Көшірмеде дәрі-дәрмектік құралдар мен басқа да заттарды қабылдамауы (жоғары сезімталдық) туралы, сондай-ақ басқа да инфекциялық аурулар туралы мәліметтер көрсетіледі.
  2. Амбулаторлық карта (№112 нысан), профилактикалық егулер туралы мәліметтер (№63 нысанның бекітілген көшірмесі)
  3. В, С гепатиттеріне маркерлер
  4. Қанның жалпы талдауы
  5. Қантқа қан
  6. Жалпы зәр анализі
  7. Гельминттің нәжіспен бөлінген жұмыртқасына
  8. Д-тобына Бак посев
  9. Кардиограмма (сипаттамамен)
  10. ЭХО КГ (сипаттамасымен)
  11. Флюорография немесе кеуде қуысының рентгені (сипаттамамен)
  12. Мұрын қуысының ренгтен суреті (сипаттамамен)
  13. Аяқ табанының ренгтен суреті (сипаттамамен)
  14. ЭХО ЭГ (сипаттамасы бар бастың суреті)
  15. Психоневрологиялық диспансерден анықтама
  16. Тері-венерологиялық диспансерден анықтама
  17. Туберкулезге қарсы диспансерден анықтама (кеуде қуысының суреті және № 63 нысансыз анықтама берілмейді)
  18. Медициналық карта (тар көлемді мамандар бойынша).

III. Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты» КММ базасында психологиялық диагностикадан және қосымша медициналық комиссиядан өту.

Психологиялық диагностиканың мақсаты: психологиялық іріктеу үміткерлерден әскери-кәсіптік бағдар мен жеке психологиялық қасиеттерді анықтау үшін, казармалық жағдайда табысты оқу және ойлау, танымдық үдерістер динамикасын бағалау, эмоционалды-еріктік қасиеттерін, жүйке-психикалық тұрақтылық деңгейін және басқа да кәсіби маңызды қасиеттерді бағалау үшін кәсіби-психологиялық әдістеме мен жеке сұхбат негізінде жүргізіледі.

IV. Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты» КММ базасында үміткерлерді физикалық іріктеу.
5-сыныпқа түсушілер үшін физикалық іріктеу мынадай нормативтерді қамтиды:

Нормативтер Ұпай саны
6 ұпай 7 ұпай 8 ұпай 9 ұпай 10 ұпай
1. Биік белтемірге тартылу (саны) 1 2 3 4 5
Нормативтер Ұпай саны
6 ұпай 7 ұпай 10 ұпай
1. Жүгіру 30 м/с 6,6 сек 6,5 сек 5,0 сек
2. Жүгіру 500 м/с 2 мин 20 сек 2 мин 15 сек 2 мин 10 сек

Психодиагностика және физикалық іріктеу нәтижелері бойынша Сіздің балаңыз қорытынды кезеңге – конкурстық тестілеуге жіберілуі мүмкін

5-сыныпқа түсушілер үшін – келесі пәндер бойынша 40 сұрақ:
математика және логика - 30 сұрақ;
оқу сауаттылығы-10 сұрақ.
5-сыныпта тестілеуге бөлінген уақыт - 60 минут.
Мамандандырылған білім беру ұйымына оқуға үміткерлерді қабылдау әрбір мамандандырылған білім беру ұйымының бөлінісінде бос орындарға сәйкес ең жоғары ұпай санынан алынады.
КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША АПЕЛЛЯЦИЯ ӨТКІЗІЛМЕЙДІ.
НАЗАР аударыңыз! Конкурстық іріктеудің барлық кезеңдері бойынша мерзімдері туралы қосымша хабарланатын болады!!!

Мектептің қабылдау комиссиясының телефоны: 8 (7222) 34-12-22

Ресми сайты - zhasulan-semey.kz