Құрметті ата-аналар!
Егер сіздің балаңыз болашақ мамандығын әскери ісімен байланыстыруды жоспарласа, оның таңдау мүмкіндігі бар –
Павлодар қаласындағы «Қабанбай батыр атындағы «Жас сарбаз» облыстық мамандандырылған лицей-мектеп-интернаты» КММ-сі (бұдан әрі – мектеп-интернаты) – оқушылармен әскери ісін терең меңгеруді жүзеге асыратын, өмір сүру орнын ұсынуымен білім беру ұйымы, психологиялық және физикалық мәліметтерін есепке ала отырып, қосымша кезеңдерді өткізеді.
I. Ата-ана/заңды өкілі 2023 жылғы 1 ақпаннан 15 сәуірге дейін тіркеуден өтуі керек
Тіркеу кезінде қажетті құжаттар:
- үміткердің ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш (үлгі бойынша);
- ЖСН көрсетілген үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі;
- оқу орнынан үміткердің электрондық мекенжайы көрсетілген, ұйымның мөрімен куәландырылған фотосуреті бар анықтама;
- үміткердің 3х4 көлеміндегі;
- халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжаттардың көшірмелері.
*барлық құжаттар PDF немесе JPEG форматында қабылданады.
Қабылданатын білім алушылардың жалпы санынан 15% мөлшерінде іріктелетін халықтың әлеуметтік осал топтарына:
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын ауылдық жерден шыққан отбасыныңбалалары;
- ата-аналарының біреуі бірінші топтағы мүгедектігі бар отбасының балалары;
- мүгедек баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған отбасылар;
- жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
- отбасыларда тұратын жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
- төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардан шыққанбалалар;
- экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйінен айырылған отбасыларының;
- мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқарған кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындалу немесе жүзеге асыру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасыларының балалары жатады
II. «Қабанбай батыр атындағы «Жас сарбаз» облыстық мамандандырылған лицей-мектеп-интернаты» КММ-сі базасындағы конкурстық комиссияға медициналық зерттеу нәтижелерін ұсыну:
- үміткердің денсаулық жағдайы және ауырған аурулары туралы амбулаториялық картадан үзінді көшірме (№112 нысан)
- привычный паспорт.
- Жалпы қан талдауы.
- Жалпы несеп талдауы.
- Гельминттің нәжіспен бөлінген жұмыртқасына.
- Д тобына бак пасев.
- Кардиограмма (сипаттамамен).
- ЭХО КГ(сипаттамамен).
- Кеуде қуысының рентгені немесе флюрогрофиясы (сипаттамамен).
- Мұрын қуысының рентгені (сипаттамамен).
- Аяқ табанының рентгені (сипаттамамен).
- ЭХО ЭГ (бастың суреті (сипаттамамен).
- Психоневрологиялық диспансерден анықтама.
- Тері-венерологиялық диспансерден анықтама.
- Туберкулезге қарсы диспансерден анықтама (кеуде қуысының суретінсіз және №
- нысанысыз АНЫҚТАМА БЕРІЛДЕЙДІ).
- Медициналық карта (жеке мамандар бойынша №075/е нысаны).
- Форма 027
- Форма 037
III. 7-сыныпқа түсушілер үшін-келесі пәндер бойынша 75 сұрақ:
математика және логика – 55 сұрақ; оқу сауаттылығы – 10 сұрақ; Қазақстан тарихы – 10 сұрақ. 7-сыныпта тестілеуге бөлінген уақыт – 120 минут.
10-сыныпқа түсушілер үшін-келесі пәндер бойынша 95 сұрақ:
логика мен математика – 60 сұрақ; оқу сауаттылығы – 10 сұрақ; Қазақстан тарихы – 25 сұрақ. 10-сыныпта тестілеуге жұмсалатын уақыт – 180 минут.
III. Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты» КММ базасында психологиялық диагностикадан және қосымша медициналық комиссиядан өту.
Психологиялық диагностиканың мақсаты: психологиялық іріктеу үміткерлерден әскери-кәсіптік бағдар мен жеке психологиялық қасиеттерді анықтау үшін, казармалық жағдайда табысты оқу және ойлау, танымдық үдерістер динамикасын бағалау, эмоционалды-еріктік қасиеттерін, жүйке-психикалық тұрақтылық деңгейін және басқа да кәсіби маңызды қасиеттерді бағалау үшін кәсіби-психологиялық әдістеме мен жеке сұхбат негізінде жүргізіледі.
IV. Үміткерлерді физикалық іріктеу Павлодар қаласындағы «Қабанбай батыр атындағы «Жас сарбаз» облыстық мамандандырылған лицей-мектеп-интернаты» КММ-нің негізінде өтеді. 7 сыныпқа түсетіндер үшін физикалық іріктеу келесі нормативтерден тұрады:
№ | Бақылау жаттығулары | Балалар | |||||
---|---|---|---|---|---|---|---|
«5» | «4» | «3» | |||||
Ұл | Қыз | Ұл | Қыз | Ұл | Қыз | ||
1. | Жүгіру 60 м (с) | 8.9 сек | 9.3 сек | 9.3 сек | 9.7 сек | 10.2 сек | 10.5 сек |
2. | Жүгіру 1000 м (мин, с) | 4.15 мин | 4.45 мин | 4.35 мин | 4.55 мин | 4.45 мин | 5.00 мин |
3. | Биік белтемірге тартылу (саны) | 11 | - | 9 | - | 5 | - |
4. | Арқаңызда жатып денеңізді көтеріңіз | - | 40 | - | 35 | - | 25 |
№ | Бақылау жаттығулары | Балалар | |||||
---|---|---|---|---|---|---|---|
«5» | «4» | «3» | |||||
Ұл | Қыз | Ұл | Қыз | Ұл | Қыз | ||
1. | Жүгіру 60 м (с) | 8 сек | 9 сек | 8.2 сек | 9.2 сек | 9.2 сек | 10 сек |
2. | Жүгіру 1000 м (мин, с) | 4 мин | 4.30 мин | 4.20 мин | 4.45 мин | 4.30 мин | 5.55 мин |
3. | Биік белтемірге тартылу (саны) | 14 | - | 12 | - | 8 | - |
4. | Арқаңызда жатып денеңізді көтеріңіз | - | 45 | - | 40 | - | 30 |
V. Психологиялық диагностикадан және қосымша медициналық комиссиясынан Павлодар қаласындағы «Қабанбай батыр атындағы облыстық мамандандырылған әскери мектеп-интернаты» КММ-нің негізінде өтеді.
Психологиялық диагностиканың мақсаты: психологиялық іріктеу үміткерлерден әскери-кәсіптік бағдар мен жеке психологиялық қасиеттерді анықтау үшін, казармалық жағдайда табысты оқу және ойлау, танымдық үдерістер динамикасын бағалау, эмоционалды-еріктік қасиеттерін, жүйке-психикалық тұрақтылық деңгейін және басқа да кәсіби маңызды қасиеттерді бағалау үшін кәсіби-психологиялық әдістеме мен жеке сұхбат негізінде жүргізіледі.
Конкурстың мазмұны бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: 8-776-807-87-67; 8-771-417-72-55
Ресми сайты - patriot.edu.kz