ru

Үміткердің сауалнамасын табу

Сіздің сауалнамаңыз

Құрметті ата-аналар және оқушылар!

Үміткер қағидалары

Кезекшінің функциялары

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2024-2025 оқу жылына мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға құжаттар қабылдауды жүзеге асырады.

Негіздеме: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы.

Мамандандырылған білім беру ұйымдарына қабылдау 5, 6, 7, 10 - сыныптарда жүзеге асырылады.
Құжаттарды онлайн - тіркеу және қабылдау 2024 жылғы 1 ақпан мен 15 сәуір аралығында тіркелу және құжаттар қабылдау сілтемесі бойынша өтеді.

Тіркеу кезінде қажетті құжаттар:

  1. баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш (үлгі бойынша);
  2. ЖСН көрсетілген үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  3. үміткердің оқу орнынан ұйымның мөрімен расталған фотосуреті бар анықтамасы;
  4. баланың сандық фотосуреті;
  5. халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжаттардың көшірмелері.

*Барлық құжаттар PDF немесе JPEG форматында қабылданады.
Жеке, жүктелетін файлдың өлшемі 3 МБ аспауы тиіс. (Мегабайт)

Қабылданатын білім алушылардың жалпы санынан 15% мөлшерінде іріктелетін халықтың әлеуметтік осал топтарына:

  1. мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын ауылдық жерден шыққан отбасыныңбалалары;
  2. ата-аналарының біреуі бірінші топтағы мүгедектігі бар отбасының балалары;
  3. мүгедек баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған отбасылар;
  4. жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  5. отбасыларда тұратын жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  6. төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардан шыққанбалалар;
  7. экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйінен айырылған отбасыларының;
  8. мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқарған кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындалу немесе жүзеге асыру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасыларының балалары жатады

Конкурстық іріктеудің өткізу күнін қосымша хабарлаймыз.
Өткізу формасы: тестілеу (офф-лайн).

Конкурс әр өңірде бекітілген тірек мектептерде өтеді.

5-сыныпқа түсушілер үшін – келесі пәндер бойынша 40 сұрақ:
математика және логика - 30 сұрақ;
оқу сауаттылығы - 10 сұрақ.
5- сыныпқа тестілеуге бөлінген уақыт - 60 минут.
6-сыныпқа түсушілер үшін – келесі пәндер бойынша 60 сұрақ:
математика және логика - 35 сұрақ;
оқу сауаттылығы- 15 сұрақ;
Қазақстан тарихы-10 сұрақ.
6-сыныпқа тестілеуге бөлінген уақыт - 90 минут.
7-сыныпқа түсушілер үшін – келесі пәндер бойынша 75 сұрақ:
математика және логика-55 сұрақ;
оқу сауаттылығы-10 сұрақ;
Қазақстан тарихы-10 сұрақ.
7-сыныпқа тестілеуге бөлінген уақыт - 120 минут.
10-сыныпқа түсушілер үшін – келесі пәндер бойынша 95 сұрақ:
математика және логика-60 сұрақ;
оқу сауаттылығы-10 сұрақ;
Қазақстан тарихы-25 сұрақ.
10-сыныпқа тестілеуге бөлінген уақыт - 180 минут.

Тестілеу тапсыру тілі: қазақ/орыс
Конкурстық іріктеудің барлық тест тапсырмалары логикалық сипаттағы тапсырмаларды қоса алғанда, өткен жылдардың оқу бағдарламалары негізінде жасалады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!
Тестілеудің қорытынды нәтижелерін есептеу кезінде дұрыс жауаптар саны "4" (төрт) коэффициентіне көбейтіледі, ал бір дұрыс емес жауап "-1" коэффициентіне көбейтіледі. Осылайша, жалпы қорытынды есептеледі (4* дұрыс жауап + ( - ) * дұрыс емес жауап= жалпы қорытынды балл).

Әскери іс, спорттың және өнердің негіздері бойынша дарынды балаларды жетілдіруге бағытталған білім беретін мамандандырылған білім беру ұйымдары функционалды кәсіби, психологиялық және физиологиялық мәліметтерің ескере отырып, талапкерлерге қосымша кезең өткізіледі.
Мамандандырылған білім беру ұйымына оқуға үміткерлерді қабылдау әрбір мамандандырылған білім беру ұйымының бөлінісінде бос орындарға сәйкес ең жоғары балл санынан алынады.

КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША АПЕЛЛЯЦИЯ ӨТКІЗІЛМЕЙДІ.

Мектептердің байланыс телефондары

Конкурсқа қатысты сұрақтар бойынша 8 (7172) 57-01-42 телефонына хабарласыңыз.
Техникалық сұрақтар бойынша 8 (7172) 57-01-32 телефонына хабарласыңыз.